Енді үшінші әйелімді алуға дайындалып жүрмін – Жалғас Жұмағұлов

Telegram WhatsApp

Жұмағұлов қазіргі таңда екі әйелінен жеті баласы бар екенін, алайда мұнымен тоқтап қалмайтынын жеткізді

Фото: gettyimages
Фото: gettyimages

Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Жалғас Жұмағұлов екі әйелі бар екенін және үшінші әйел алуды жоспарлап отырғанын айтып, қоғамда үлкен талқы тудырды.

Спортшы бұл мәлімдемені Home of Fight YouTube-арнасына берген сұхбатында жасаған. Аудармашының көмегімен сөйлеген Жұмағұлов қазіргі таңда екі әйелінен жеті баласы бар екенін, алайда мұнымен тоқтап қалмайтынын жеткізді.

«Енді ғана бастап жатырмын. Жақында үшінші әйел аламын»

деді ол күліп

Журналистің бұл сөзді қалжыңдап айтты ма деген сұрағына спортшы ниетінің шынайы екенін растады. Сондай-ақ ол қазіргі екі жары бұл жағдайға қарсы емес екенін алға тартқан.

Бұл сұхбаттың үзіндісі әлеуметтік желіде тез таралып, қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинованың наразылығын туғызды. Ол Instagram парақшасындағы stories бөлімінде өз пікірін білдірді.

«Мұндай мақтанудың мәнін түсінбедім. Екі әйелің, жеті балаң бар екен – өз еркің. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет, бізде көп әйел алуға заң жүзінде тыйым салынған»

деп жазды спортшы

Айта кетейік, көп әйел алу тақырыбы Қазақстанда бұған дейін де бірнеше рет қоғамдық талқыға түскен. Қараша айында Мәжіліс депутаты Абзал Құспан бұл институтты заңдастыру қажет деген пікір айтқанымен, өзі оған қарсы екенін атап өткен еді. Оның сөзінше, елде бірнеше әйелі бар ауқатты азаматтар аз емес, алайда заңда тыйым болғанымен, нақты жауапкершілік қарастырылмаған.

Сондай-ақ желтоқсан айының басында актер әрі жүргізуші Даурен Айдарқұловтың көп әйел алуға қатысты пікірлері де қоғам тарапынан қатаң сынға ұшыраған болатын.ф

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 60 575 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 181 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 169 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 841 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 286 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 152 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 144 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 637 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 407 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 554 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 594 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›