Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Жалғас Жұмағұлов Oktagon-да техникалық нокаутпен жеңіске жетті

29.12.2025, 09:39

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды

Жалғас Жұмағұлов Oktagon-да техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Oktagon

Қазақстандық ММА шебері Жалғас Жұмағұлов Еуропаның беделді Oktagon MMA лигасында чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.

37 жастағы файтер Прагада өткен турнирде титулды жекпе-жекке шығып, чехиялық Давид Дворжакпен күш сынасты. Қос спортшы да бұған дейін UFC ұйымында өнер көрсетіп, аса жеңіл салмақта (56,7 кг дейін) топ-15 қатарына енген.

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Жалғас Жұмағұлов алғашқы минуттардан-ақ айқын басымдық танытып, қарсыласын нокдаунға жіберді. Үшінші раундтан кейін Давид Дворжак жекпе-жекті жалғастыра алмады.

Осылайша, қазақстандық спортшы техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, маусым айында иеленген Oktagon-ның аса жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғады.

Жекпе-жектен кейін Жалғас Жұмағұлов салмағын өсіріп, жеңіл салмаққа (61,2 кг дейін) ауысатынын мәлімдеді. Ол бұл дивизионда да чемпион атанып, Oktagon тарихындағы қос салмақтың иегері болуды көздеп отыр. 

Айта кетейік, Жұмағұловтың ММА-дегі көрсеткіші - 19 жеңіс, 9 жеңіліс. UFC-ден кеткеннен кейін ол бес жекпе-жектің барлығында жеңіске жетті. Ал Давид Дворжактың екі жекпе-жектен тұратын жеңіс сериясы тоқтап, оның жалпы рекорды 22 жеңіс пен 7 жеңілісті құрап отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам