Шавкат Рахмоновқа титулға таласу үшін алдымен тағы бір жеңіс керек – Ислам Махачев

Telegram WhatsApp

Ол спортшының октагонға шықпағанына ұзақ уақыт болғанын еске салды. 

©UFC
©UFC

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді. «Ушатайка» арнасына берген сұхбатында дағыстандық спортшы Рахмоновтың ұзақ үзілістен кейін бірден чемпиондық жекпе-жекке шығуы екіталай екенін меңзеді.

Махачевтің айтуынша, Шавкат титулдық айқасқа шығу үшін алдымен октагонда өзін қайта дәлелдеуі қажет.

«Егер Шавкат қайтып келсе, оған бірден белбеуге таласуға мүмкіндік береді деп ойламаймын. Әрине, титулдық айқасқа шығарса да қарсы емеспін. Бірақ оның октагонға шықпағанына бір жылдан асты. Сондықтан титулдық жекпе-жек алдында тағы бір жеңіс керек шығар»

деді Махачев

Ислам Махачев өзінің басты қарсыласы ретінде экс-чемпион Камару Усманды атап өтті. Оның пікірінше, нигериялық файтердің тәжірибесі мен стилінен қауіптенуге болады.

«Усманның тәжірибесі көп. Соңғы жекпе-жегін көрдіңіздер ғой. Бакли – әлеуеті зор жас файтер, оған үміт артқандар да көп болды, бірақ Камару оны жаншып тастады»

деді Махачев

Ол Усманды өзіне ең ыңғайсыз қарсылас деп санайтынын жасырмады.

«Камару мен үшін қолайсыз қарсылас дер едім. Өйткені ол да күреседі, соққысы да жақсы. Стильдеріміз ұқсас. Физикалық күш жағынан да кем түспейді, тіпті кей тұста басым болуы мүмкін. Сондықтан екеуара кездесу өте тартысты өтетіні анық»

деді чемпион

Махачев Иан Гарриге қатысты да ойын ашық айтты. Оның пікірінше, ирландиялық файтер танымалдылығын арттыруға тырысқанымен, Конор Макгрегор деңгейіне жете алмайды.

«Гарри Конор сияқты бола алмайды. Қазір бәрі Конор болғысы келеді, бірақ ондай харизма ешкімде жоқ», – деді ол.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 60 851 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 181 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 169 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 841 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 286 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 152 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 144 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 637 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 407 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 554 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 594 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›