Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Экс-чемпион жекпе-жекке шақырды: Шавкат Рахмоновтың бапкері үн қатты

05.01.2026, 17:56

Ол нақты ұсыныс түспегенін айтты. 

Экс-чемпион жекпе-жекке шақырды: Шавкат Рахмоновтың бапкері үн қатты
fighttime.ru

UFC-дегі қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпион Джек Делла Маддаленаның шәкіртін жекпе-жекке шақыруына қатысты пікір білдірді.

Аустралиялық файтер бұл кездесудің өзіне титулдық айқасқа жол ашатынын ашық айтқан болатын.

Алайда Рахмонов командасының айтуынша, әзірге нақты ұсыныс жоқ.

«Шыны керек, қазір Шавкаттың келесі жекпе-жегі туралы нақты ақпарат жоқ. Командаға да, менеджері Саятқа да ешқандай ұсыныс түскен жоқ. Күні де, қарсылас та белгісіз», – деді Базров «Спорт Шредингера» сайтына берген сұхбатында.

Соған қарамастан бапкер Делла Маддаленамен кездесуді қарастыруға дайын екенін тілге тиек етті.

«Маддаленамен жекпе-жек – өте жақсы нұсқа. Ол бұрынғы чемпион. Мұндай қарсылас кез келген файтерге қызық. Джек дұрыс айтты: Исламнан жеңілген соң, оған мықтылармен төбелесу арқылы өзін қайта дәлелдеу керек. Қазір Шавкат рейтингте екінші орында тұр. Оны жеңген адам автоматты түрде Ислам Махачевпен титул үшін жекпе-жекке шығады», – деп атап өтті Базров.

Бапкердің айтуынша, Делла Маддаленаның өз артықшылықтары бар, бірақ соңғы айқас оның шынайы деңгейін көрсетті.

«Бұл – ММА. Панчердің қай кезде де мүмкіндігі болады. Маддаленаның боксы жақсы, бұрын күрестен қорғанысы да жаман емес деп ойлайтынмын. Бірақ Исламмен жекпе-жекте ол психологиялық тұрғыда жанып кетті. Махачев оны айқын басымдықпен жеңді», – деді ол.

Базров бұл жекпе-жек тек Делла Маддаленаны емес, бүкіл дивизион өкілдерін ойландыратын сәт деп санайды.

«Жартылай орта салмақтағы өзге мықты файтерлердің деңгейін төмендеткім келмейді. Бірақ жеңіл салмақтан көтеріліп келген спортшының чемпионды осылай тас-талқан етіп жеңуі – Шон Брэдиге де, Делла Маддаленаға да, Белал Мухаммадқа да, тіпті Иэн Гэрриге де ой салуы керек. Ислам келгенге дейін оларды мықты санадық, ал қазір олардың шынайы деңгейі көрінді», – деді қазақстандық маман.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 2025 жылы жарақатына байланысты октагонға шыққан жоқ. Қазір қазақстандық файтер UFC рейтингінде екінші орында тұр және титулға басты үміткерлердің бірі саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам