Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Еркебұлан Тоқтар келесі жекпе-жегінің уақытын атады

05.01.2026, 23:45

Ол қарсыласына жақсы дайындықпен келуге кеңес берді.

Еркебұлан Тоқтар келесі жекпе-жегінің уақытын атады
©instagram.com/erkebulan_toktar

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар поп-ММА өкілі Артем Тарасовтың жекпе-жек өткізу туралы ұсынысына жауап берді.

«Артемжан, Octagon лигасына хабарласып, «Тоқтармен төбелескім келеді» деп айт. Бірақ бір нәрсені нақтылап ал: «Тактар» деме, «Тоқтар» де. Әйтпесе басқа адаммен жекпе-жек ұйымдастырып жіберуі мүмкін. Мен - Тоқтармын», - деп әзілмен жауап берді қазақстандық файтер.

Еркебұлан қарсыласына дайындыққа байыппен қарауға кеңес берді.

«Жақсылап дайындалып кел. Никулин сияқты бірден құлап қалма. Бір-екі соққым дәл тиеді, сондықтан сақ болғаның жөн. «Gold» әзірге дайын емес, оған уақыт керек. Ал оған дейін Артем Тарасовпен жұдырықтасуға әбден болады. Давай, Артем, дайындал», - деді Тоқтар.

Сонымен қатар ол әлеуметтік желідегі жазбасында: 

«Артем Тарасов, сәуір айында Octagon лигасында. Let’s go», - деп қысқа да нұсқа мәлімдеме жасады.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтардың соңғы жекпе-жегі 27 желтоқсанда Ташкентте өтті. Ол өзбекстандық Тимур Никулинмен бокс ережесі бойынша кездесіп, бірінші раундтың 72-секундында қарсыласын нокаутқа жіберген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам