Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Қазақстандық Бекзат Алмаханов Хабиб Нұрмагомедовтің інісімен жекпе-жекке шығады

09.02.2024, 22:31

Бекзаттың қарсыласы бір жылдан астам уақыт төбелеспеген

Қазақстандық Бекзат Алмаханов Хабиб Нұрмагомедовтің інісімен жекпе-жекке шығады
instagram.com/bekzatalmahan/

Қазақстандық файтер Бекзат Алмахан (17-1) UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін мүлдем жеңіліс көрмеген Умар Нурмагомедовпен (16-0) өткізетін болды.

Vesti.kz сайтының жазуынша, аталған жекпе-жек 3 наурызда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы UFC Apex аренада өтеді. 

Алғашқы жоспар бойынша, UFC кеші Сауд Арабиясында өтуі керек болған. Алайда, арабтар турнирді маусым айына жылжытып жіберіп, америкалық ұйымдастырушылар наурызда UFC Fight Night турнирін өткізуге шешім қабылдаған.

Умар – әйгілі файтер Хабиб Нурмагомедовтың немере інісі. Ол былтыр қаңтардағы жекпе-жегінен кейін октагонға әлі шықпаған. Тамыз айында Кори Сэндхагенмен кездесуі керек еді. Алайда, иығынан жарақат алып, кездесу кейінге қалдырылды.

Бекзат Алмахан болса OKTAGON лигасында жүріп, бірден UFC-ге жолы ашылған жауынгер.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам