Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Той-томалаққа баруды тоқтатпады»: Азат Мақсұмның жеңілуінің себебі айтылды

08.02.2024, 08:04

Бәріне достары кінәлі деп есептейді менеджер

«Той-томалаққа баруды тоқтатпады»: Азат Мақсұмның жеңілуінің себебі айтылды
instagram.com/nuraddins/

UFC лигасына былтыр ғана аяқ басып, екінші жекпе-жегінде жеңіліп қалған қазақстандық файтер Азат Мақсұмның менеджері сұхбат беріп, сәтсіздікке не себеп болғанын айтып берді.

Қазақстандағы OCTAGON лигасының президенті Нұраддин Садықов Sports.kz сайтына берген сұхбатында Азаттың «әлсіз» тұсын атап өтті.

«Оның жеңілуінің басты себебі – кәсіби спортшы режимінің бұзылуы. Бұған оның жанында жүрген «түсініксіз» достары себеп болды. Ең жақын адамдары: туғандары мен жеке бапкері және мен Азатқа бірнеше рет ескерту жасап, той-томалаққа, қажетсіз жиындар мен отырыстарға баруды тоқтату керектігін айттық. Өкінішке қарай, ол тоқтатпады. Бұл оның жаттығуының сапасына, диетаның бұзылуына, артық салмақтың пайда болуына алып келді. Салдарының қандай болғанын көрдіңіздер. Ал, оның жаңағы достары әлі жанында жүр», - деді Садықов.

Оның сөзінше, Азат «жоқ» деп айта алмайтын адамдардың қатарынан. Жақын адамдарды ренжітіп алмау үшін шақырған жерден қалмайды. «Ал, енді нәтиже керек болса жоқ деп айтуды үйрену керек», - деп сөзін түйді менеджер.

Айта кетейік, Азат Мақсұм өткен аптада Лас-Вегаста өткен UFC кешінде америкалық файтер Чарльз Джонсоннан жеңіліп қалды.

UFC 297 турниріне орай FONBET «Тәуекелсіз бәс» арнайы акциясын іске қосты! Турнир матчтарынан кемі 3.00 коэффицент болатын экспресс жинаңыз – жеңілген жағдайда тіккен ақшаңыз толығымен сіздің бонустың шотыңызға түседі. Тәуекелсіз бәс тігіп, шотты алғашқы толтырғанға 200 мың теңгеге дейін бонус алыңыз – FONBET сайты және қосымшасында 1bol промокодымен тіркеліңіз!

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам