Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Хабиб Нурмагомедов Ресейдегі бизнесінің бәрін жапты

16.02.2026, 23:41

Ол кәсібін БАӘ-де дөңгелетіп отыр. 

Хабиб Нурмагомедов Ресейдегі бизнесінің бәрін жапты
Louis Grasse / Keystone Press Agency / Global Look Press

UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов Ресейдегі кәсіпкерлік қызметін толық тоқтатып, бизнесін Біріккен Араб Әмірліктері аумағында дамытуға біржола бет бұрды.

«Mash на спорте» мәліметінше, қазір Нурмагомедовтің негізгі табыс көзі - шетелдегі активтері. Олар жыл сайын шамамен 46-50 млн доллар кіріс әкеледі.

2025 жылы Хабиб жеке кәсіпкер ретіндегі қызметін ресми түрде тоқтатқан: барлық қарызын өтеп, есепшоттарын бұғаттан шығарып, Ресейден қаржысын шығарып алған. Себебі бұған дейін ол салық мәселелеріне байланысты қиындықтарға тап болғаны белгілі.

2021 жылдан бастап Нурмагомедов «Росси» қорынан және өз атындағы қайырымдылық ұйымынан шықты. Сонымен қатар 2022 жылдың қарашасында «Хикмит Травел» туристік агенттігін толық жапты. «Сильди» киім брендін інісіне беріп, «Первый мобильный» байланыс провайдерінің құрылтайшылары қатарынан да шыққан.

Ал БАӘ-де Хабиб спорттық бизнеске ерекше көңіл бөліп отыр. Ол KHABIB GYM спорт залдары желісін дамытып, роялти есебінен жылына 6 миллион долларға дейін табыс табуда. Бұдан бөлек, ол 1 миллион долларға Gorilla FC промоушенін сатып алып, оны EAGLE FC деп қайта атады.

Еске сала кетейік, Нурмагомедов кәсіби мансабын 2020 жылдың қазан айында аяқтады. Ол октагонда 29 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетіп, UFC-дің чемпиондық белбеуін үш мәрте қорғады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам