Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Мен соғысқа барамын»: Жалғас Жұмағұлов жаңалығын жария етті

19.03.2026, 11:22

Отандасымыз 11 сәуірде октагонға қайта оралады

«Мен соғысқа барамын»: Жалғас Жұмағұлов жаңалығын жария етті
Getty sport

Қазақстандық ММА шебері Жалғас Жұмағұлов келесі жекпе-жегінің өтетін күнін жариялады.

Еуропалық Oktagon лигасының аса жеңіл салмақтағы чемпионы 11 сәуірде октагонға қайта оралады. Спортшы алдағы айқасқа келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді.

«Келісімшартқа қол қойылды. 11 сәуір – мен соғысқа барамын», – деп жазды Жұмағұлов X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық файтер дәл осы күні жекпе-жек өткізуді жоспарлағанымен, қарсыласы турнирден бас тартқан болатын. Кейін ол Oktagon лигасының жеңіл салмақ дәрежесіне ауысып, бразилиялық чемпион Игорь Севериноға қарсы титулдық кездесу өткізу мүмкіндігін де қарастырып жүргенін айтқан еді.

Жалғас Жұмағұлов соңғы рет 2025 жылдың желтоқсан айында октагонға шығып, чехиялық Давид Дворжакты мерзімінен бұрын жеңіп, чемпиондық белбеуін сәтті қорғаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам