Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Октагонға екі жыл бұрын шыққан Арман Әшімовтің қарсыласы анықталды

21.03.2026, 22:16

Кездесу сәуірде өтеді.

Октагонға екі жыл бұрын шыққан Арман Әшімовтің қарсыласы анықталды
instagram.com/nomadfighting

Қазақстандық ММА файтері, M-1 лигасының бұрынғы уақытша чемпионы Арман Әшімов кезекті жекпе-жегін өткізеді. Ол 11 сәуір күні Алматыдағы «Алматы Аренада» өтетін турнир аясында октагонға шығады.

Әшімовтың қарсыласы «Шоутайм» лақап атымен танымал тәжікстандық спортшы Дильшод Норкузиев болмақ.

Ұйымдастырушылар мәліметінше, екі спортшы да жанкүйерлерге тартысты әрі әсерлі айқас көрсетуге ниетті. 

«М-1 чемпионы Арман Әшімов оралып, Дильшод «Шоутайммен» тартысты айқас өткізеді», - деп жазады Nomad Fighting өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, қазақстандық файтер бұған дейін жекпе-жегін 2024 жылдың 23 наурызында Rizin Fighting Federation турнирінде өткізген. Жапониядағы дебюттік кездесуінде ол тәжірибелі Юсаку Накамураға есе жіберген еді.

Ал Норкузиев соңғы рет 2025 жылдың 19 желтоқсанында Octagon League турнирінде өнер көрсетіп, өзбекстандық Аббос Хайдаровты бірінші раундтың 40-секундында нокаутпен жеңген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам