Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

UFC-де сенсация: Хамзат Чимаев жеңіліп қалды

Бүгін, 11:18

Оның әлем чемпионы титулы америкалық файтерге берілді

UFC-де сенсация: Хамзат Чимаев жеңіліп қалды
Getty Images

Аралас жекпе-жектен UFC лигасында орта салмақтың әлем чемпионы Хамзат Чимаев (БАӘ) титулдық жекпе-жекте америкалық Шон Стриклендтен жеңіліп қалды.

Ньюаркте (АҚШ) өткен UFC 328 турнирінде қос файтер орта салмақтың әлем чемпионы белбеуін сарапқа салған болатын. Бес раундқа созылған жекпе-жектен төрешілер шешімімен Стрикленд жеңімпаз деп танылды.

Осылайша, бұған дейін мүлдем жеңіліп көрмеген Чимаевтың өз рекорды бұзылды. Оның еншісінде 15 жеңіс және бір жеңіліс бар. Ал, Стрикленд болса 31 рет жеңіп, 7 рет жеңілген.

Хамзат бұған дейінгі жекпе-жегінде Дрикус дю Плессиді жеңіп, орта салмақта әлем чемпионы атанған болатын. Ал, Стрикленд болса Энтони Эрнандеске қарсы нокаут тіркеп, белбеуге үміткер атанған еді.

Хамзат Чимаев Шешенстан (Ресей) тумасы. Жастайынан ол отбасымен Швецияға қоныс аударған. 2023 жылдан бері Біріккен Араб Әмірліктерінің атынан өнер көрсетіп жүр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам