Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Жалғас Жұмағұлов қарсыласын тістеп алатын Игорь Севериноны мазақ етті

Бүгін, 12:48

Қазақстандық спортшы қарсыласының UFC-дегі ең даулы оқиғасын еске салды

Жалғас Жұмағұлов қарсыласын тістеп алатын Игорь Севериноны мазақ етті
instagram.com/zhumagulov_zhalgas

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов чемпиондық айқас алдында қарсыласы Игорь Севериноға әзіл аралас ескерту жасады.

Танымал файтер Instagram парақшасында бразилиялық спортшыға арнап жазба жариялады.

«Эй, Игорь, жекпе-жекке арнап тісіңді қайрап жүрген жоқсың деп үміттенемін. Уайымдама — мен саған тістейтіндей жақын келуге мүмкіндік бермеймін. Бүкіл айқас бойы сені соққыларымның қашықтығында ұстаймын», — деп жазды Жұмағұлов.

Осылайша қазақстандық спортшы қарсыласының UFC-дегі ең даулы оқиғасын еске салды. Игорь Северино промоушендегі дебюттік жекпе-жегінде қарсыласы Андре Лиманы тістеп алғаны үшін дисквалификацияланған болатын.

Оқиғадан кейін UFC президенті Дана Уайт бразилиялық файтермен келісімшартты бірден бұзған. Сонымен қатар Невада штатының атлетикалық комиссиясы да Севериноға жаза қолданған еді.

Ал зардап шеккен Андре Лима UFC ұйымынан ерекше «Ең шулы тістеу» («Bite of the Night») бонусын алып, 50 мың доллар сыйақыға ие болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам