Асу Алмабаев америкалық файтерді мерзімінен бұрын жеңді

Алмабаев кәсіби ММА мансабындағы 24-жеңісіне қол жеткізді

UFC
UFC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC Fight Night 280 турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Бакуде (Әзербайжан) өткен UFC кешінде жерлесіміз америкалық Чарльз Джонсонмен (19-9) күш сынасты. Үш раундқа жоспарланған аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек үшінші раундтың 3:33 минутында аяқталды.

Алмабаев сирек кездесетін Suloev Stretch әдісін сәтті орындап, қарсыласын берілуге мәжбүр етті. Бұл UFC тарихында небәрі төртінші рет тіркелген әдіс саналады. 

Осылайша, Асу Алмабаев кәсіби ММА мансабындағы 24-жеңісіне қол жеткізді. Ал UFC-дегі көрсеткішін 7 жеңіс пен 1 жеңіліске дейін жақсартты. Ал Чарльз Джонсон кәсіби мансабындағы тоғызыншы жеңілісіне ұшырап, UFC-дегі рекорды 8-7 болды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам