Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Саламат Исбулаев PFL-дегі алғашқы жеңілісіне ұшырады

Бүгін, 10:34

Жекпе-жек үш раундқа созылды

Саламат Исбулаев PFL-дегі алғашқы жеңілісіне ұшырады
Әлеуметтік желі

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Саламат Исбулаев АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өткен PFL турнирінің басты кездесуінде өнер көрсетті.

Отандасымыздың қарсыласы Bellator ұйымының бұрынғы жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы, тәжірибелі америкалық Эй Джей Макки болды. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек толық өтіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен америкалық файтердің жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Эй Джей Макки кәсіби мансабындағы 25-ші жеңісіне қол жеткізсе, Саламат Исбулаев алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты. Бұл қазақстандық спортшының PFL ұйымындағы екінші жекпе-жегі болды. Енді оның лигадағы көрсеткіші – 1 жеңіс және 1 жеңіліс.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам