Бұл Исбулаевтың кәсіби мансабындағы алғашқы жеңіліс болды
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Саламат Исбулаевтың АҚШ-та өткен PFL турниріндегі басты жекпе-жек үшін алған гонорары белгілі болды.
Калифорния штатының Атлетикалық комиссиясының мәліметіне сәйкес, Сан-Диегода өткен турнирдің басты кездесуінде өнер көрсеткен америкалық Эй Джей Макки кепілдендірілген 100 мың доллар гонорар алған. Ал оның қарсыласы Саламат Исбулаев жекпе-жекке шыққаны үшін небәрі 10 мың доллар иеленді. Бұл қарсыласының табысынан он есе аз.
Егер қазақстандық файтер жеңіске жеткенде, қосымша 10 мың доллар бонус алатын еді. Алайда жекпе-жек бес раундқа созылмай, төрешілердің бірауызды шешімімен Маккидің пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, бұл Саламат Исбулаевтың кәсіби мансабындағы алғашқы жеңіліс болды. Қазір оның PFL ұйымындағы көрсеткіші – бір жеңіс және бір жеңіліс.