Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Еркебұлан Тоқтар ресейлік танымал файтерді небәрі 1,5 минутта нокаутпен жеңді

04.07.2026, 21:50

Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді

Еркебұлан Тоқтар ресейлік танымал файтерді небәрі 1,5 минутта нокаутпен жеңді
Octagon

Алматыда өтіп жатқан IBA Nomad 15 турнирінде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар ресейлік Артем Тарасовты бірінші раундта нокаутпен жеңді.

Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді. Алайда, қазақ файтері небәрі бір жарым минутта қарсыласын хук соққысымен ұрып құлатты. Сұлап түскен Тарасов он секунд бойы орнынан тұра алған жоқ.

Айта кетейік, салмақ өлшеу рәсімінде қос спортшы ерегесіп, оны арты төбелеске ұласа жаздаған еді. 

Осылайша, Еркебұлан Тоқтар кәсіби мансабындағы 12-жеңісіне қол жеткізіп, IBA Nomad 15 турниріндегі ең көп талқыланған жекпе-жектердің бірінде жеңімпаз атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам