Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақ файтері өзбекстандыққа қарсы жекпе-жекте жағын сындырып алды

Бүгін, 20:40

Сәндібековтің жеңілісіне қатысты күтпеген дерек айтылды

Қазақ файтері өзбекстандыққа қарсы жекпе-жекте жағын сындырып алды
Видеодан кадр

Қазақстандық ММА файтері Әділжан Сәндібековтің бапкері Мирамғали Ақмолдинов Алматыда өткен IBA Nomad 15 турниріндегі жекпе-жекке қатысты пікір білдіріп, спортшының жеңілісіне не себеп болғанын айтты.

Маманның айтуынша, жаттығу барысында қарсылас – өзбекстандық Абдумалик Ербутаевтың жекпе-жек мәнері жан-жақты зерттеліп, соған сәйкес арнайы жоспар құрылған.

– Ең басты мақсатымыз – жекпе-жектің алғашқы бір минутынан аман өту еді. Қарсыластың стилін жақсы білдік және дәл сондай антропометриялық көрсеткіштері бар спарринг-серіктеспен дайындалдық. Жалпы жоспарымыз іске асуы керек болатын. Алайда Әділжан алғашқы секундтарда кідіріп қалды. Соның салдарынан қарсыласына алғашқы шабуылын еркін ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Алғашқы соққылар легінің өзінде оның жақ сүйегі сынып кетті. Кейінгі жіберіп алған соққылар жағдайды одан әрі ушықтырды, – деді Ақмолдинов.

Еске салайық, Сәндібеков пен Ербутаев арасындағы жекпе-жек жартылай орта салмақта өтіп, үш раундқа жоспарланған болатын. Алайда кездесу бірінші раундта аяқталып, өзбекстандық спортшы қарсыласын нокаутпен жеңді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам