Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Конор Макгрегор MMA тарихындағы ең үздік 10 файтерді атады

Бүгін, 14:56

Ол өзін бірінші орынға қойған

Конор Макгрегор MMA тарихындағы ең үздік 10 файтерді атады
Getty Images

Ирландиялық танымал файтер, алғаш рет UFC-дің екі рет чемпионы атанған Конор Макгрегор аралас жекпе-жек тарихындағы ең үздік он спортшының атын атады.

Complex YouTube-каналына сұхбат берген ол өзінің 12 шілдеде болатын жекпе-жегіне қатысты да сұрақтарға жауап берді.

Ендеше, Макгрегор атаған ең үздік ТОП-10 файтердің тізімі мынадай:

1. Конор Макгрегор.
2. Андерсон Силва.
3. Джон Джонс.
4. Деметриус Джонсон.
5. Валентина Шевченко.
6. Аманда Нуньес.
7. Ислам Махачев.
8. Даниэль Кормье.
9. Хабиб Нурмагомедов.
10. Александр Волкановски.

Айта кетейік, 12 шілдеде UFC 329 турнирінде ирландиялық файтер америкалық Макс Холлоуэймен төбелеседі. Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам