Қос файтер де мансабында небәрі бір реттен ғана жеңілген
38 жастағы ирландиялық даңқты файтер, жартылай жеңіл салмақта UFC чемпионны болған Конор Макгрегор өз отандасы Иан Гэрридің Ислам Махачевті жеңетініне сенім білдірді.
Қос файтер 16 тамызда Филадельфиядағы UFC 330 турнирінде жекпе-жек өткізеді және жартылай орта салмақтың чемпионы атағы үшін таласады.
«Бұл жігіт – нағыз талант. Мен оны чемпион болатынына толықтай сенемін», - деп жазды Макгрегор Гэрридің сұхбатының астына.
Ислам Махачев жартылай орта салмақтағы чемпиондық титулың иесі. Ол UFC-де 16 жекпе-жекті қатарынан жеңген. Соңғы рет аустралиялық әлем чемпионы Джек Делла Маддаленамен кездесіп, ұпай саны бойынша жеңіске жетті және оның чемпиондық титулын тартып алды.
Иан Гэрри болса былтыр қараша айында әлемнің экс-чемпионы Белал Мухаммадты жеңген болатын. Ирландиялық файтер мансабында небәрі бір-ақ рет жеңілген (Шавкат Рахмоновтан).