Ақ үйде UFC турнирін өткізу идеясы АҚШ президенті Дональд Трампқа тиесілі
UFC турнирлерін ұйымдастыратын әрі осы ұйымға иелік ететін TKO Group Holdings компаниясы Ақ үйдегі UFC Freedom 250 турнирін өткіземіз деп шамамен 30 миллион доллар шығынға батты. Бұл туралы холдингтің қаржы директоры Эндрю Шлеймер мәлімдеді.
UFC-дің тоқсандық қаржылық есебіне сәйкес, компанияның жалпы кірісі 29%-ға өсіп, 535,7 миллион долларға жеткен. Сонымен қатар, түзетілген пайда 15%-ға артып, 280,4 миллион долларды құрады.
«UFC Freedom 250 турниріне қатысты айтатын болсақ, бұл жолы шығындарымыз әдеттегіден әлдеқайда жоғары болды. Оның бір бөлігін жаһандық серіктестік келісімдері аясында барлық орындардың сатылуы арқылы өтедік. Дегенмен, бұл турнирге билеттерді өзіміз сатпадық, сондықтан билет сатудан ешқандай табыс тапқан жоқпыз. Іс-шараның ауқымын ескерсек, алдын ала күтілгендей шамамен 30 миллион доллар шығынға ұшырадық. Соның салдарынан UFC-дің де, жалпы холдингтің де қаржылық көрсеткіштері төмендеді», – деп келтіреді Шлеймердің сөзін MMAFighting порталы.
UFC Freedom 250 турнирі 14 маусымда Ақ үйдің оңтүстік көгалында өтті. Кештің басты жекпе-жегінде америкалық Джастин Гэтжи төртінші раундтан кейін техникалық нокаутпен Илия Топурияны жеңіп, UFC-дің жеңіл салмақтағы жаңа чемпионы атанды.
Ақ үйде UFC турнирін өткізу идеясы АҚШ президенті Дональд Трампқа тиесілі.