ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Несиеге алған ақшамды өзімді дәлелдеуге жұмсап жүрмін - Дияр Нұрғожай

09.08.2026, 15:16

Дияр Нұрғожай қаржылық қиындықтары туралы айтты

Несиеге алған ақшамды өзімді дәлелдеуге жұмсап жүрмін - Дияр Нұрғожай
UFC Eurasia

Қазақстандық UFC файтері Дияр Нұрғожай ұйымдағы жағдайы мен қаржылық қиындықтары туралы айтты.

Нұрғожай бүгін түнде UFC турнирінде бразилиялық Бруно Лопесті бірінші раундтың соңғы секундында нокаутпен жеңді. Осылайша қазақстандық файтер UFC-дегі екінші жеңісіне қол жеткізді.

Жекпе-жектен кейін Нұрғожай қаржылық қиындықтарға тап болып жүргенін жасырмады. Оның айтуынша, көпбалалы отбасынан шыққан спортшы жаттығу жиындары мен жекпе-жектерге дайындық шығындарын өтеу үшін қолда бар мүмкіндіктердің бәрін пайдалануға мәжбүр.

«Мен шын жүрегіммен бонус алғым келеді. Көптеген файтер сияқты мен де жағдайы төмен отбасынан шықтым. Отбасымызда жеті адамбыз. Қызым өсіп келеді, жақында ұлды боламын. UFC-де өз орнымды бекітіп, оқу-жаттығу жиындарына алаңдамай барып, бар күшімді жаттығуға жұмсағым келеді», – деді Нұрғожай  Sport24.ru-ға берген сұхбатында.

Қазақстандық спортшы кейде жақындарының көмегіне жүгінетінін, тіпті жекпе-жектерге дайындық үшін несие алуға мәжбүр болғанын да айтты.

«Жақындарым біледі, кейде маған көмектеседі, кейде несие аламын. Бар қаражатыма осында келіп, өзімді дәлелдеуге тырысамын», – деді файтер.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрғожай UFC Fight Night 284 турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткені үшін 25 мың доллар көлемінде сыйақы алған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам