ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Денесін 30 млн теңгеден сатқан»: Танымал Поп-ММА файтеріне іздеу жарияланды

Бүгін, 10:38

Ол Қазақстан аумағында заңсыз интернет-казиноларды жарнамалаған

«Денесін 30 млн теңгеден сатқан»: Танымал Поп-ММА файтеріне іздеу жарияланды
Әлеуметтік желі

Қаржылық мониторинг агенттігі Өзбекстан азаматы, «Маха.dxb» бүркеншік атымен танымал блогер Махмуд Хикматовқа халықаралық іздеу жариялады.

Агенттік мәліметінше, сот Хикматовты қамауға алуға санкция берген. Ол Қазақстан аумағында заңсыз интернет-казиноларды жарнамалап, насихаттады деген күдікке ілінді.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Хикматов заңсыз интернет-казиноларды жарнамалау үшін Қазақстандағы блогерлерді тартумен айналысқан. Ол инфлюенсерлерден олардың әлеуметтік желідегі парақшаларының статистикасын, аудиториясының демографиялық және географиялық көрсеткіштерін сұратып, жарнама құнын осы мәліметтерге қарай белгілеген.

Қаржылық мониторинг агенттігі Хикматовтың 35-тен астам блогерді тартқанын хабарлады. Олардың арасында Қазақстан азаматы Қамза Қ. да болған. Тергеу мәліметінше, ол интернет-казиноларға апаратын рефералдық сілтемелерді жариялап, пайдаланушылардың әрбір өтуі үшін сыйақы алған.

Бұған дейін Қамза Қ. 6 тамызда Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланған болатын.

Поп-ММА-ға да қатысқан

Хикматов бұған дейін поп-ММА бағытында өнер көрсеткен. Ол кәсіби жекпе-жек форматында үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіліс тапқан.

Блогер әлеуметтік желілерде денесіне жарнама орналастыру арқылы да танымал болған. Атап айтқанда, ол өз денесіндегі жарнамаға арналған орынды 30 млн теңгеге сатқаны туралы ақпарат тараған.

Қаржылық мониторинг агенттігі Хикматовтың жүрген жері туралы қандай да бір мәлімет білетін азаматтарды +7 7172 70 84 78 нөмірі арқылы хабарласуға шақырды. Ақпарат берген адамның аты-жөні құпия сақталатыны және сыйақы төленетіні айтылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам