Махачев пен Гэрри арасындағы жекпе-жек 16 тамызда өтеді
Бұрынғы UFC чемпионы Конор Макгрегор отандасы Иэн Мачадо Гэрриге Ислам Махачевпен жекпе-жек алдында қолдау көрсетті.
Ирландиялық спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында қысқа ғана жазба жариялап, Гэрриді жеңіске жігерлендірді.
«Алға, Гэрри. Жойқын соққыңды дәл тигіз», – деп жазды Макгрегор.
Махачев пен Гэрри арасындағы жекпе-жек 16 тамызда Филадельфияда өтетін UFC 330 турнирінің басты кездесуі болады. Бұл ресейлік спортшының жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғауы.
Махачев кәсіби мансабында 28 жеңіске жетіп, бір рет жеңілген. Ал 28 жастағы Гэрридің еншісінде 17 жеңіс және бір жеңіліс бар.