ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Махачевпен құшақтасқан Гэрри Дана Уайттың көңілін қалдырды

Бүгін, 13:40

Уайт Гэрридің бесінші раундтағы әрекетін қатты сынға алды

Махачевпен құшақтасқан Гэрри Дана Уайттың көңілін қалдырды
UFC

UFC президенті Дана Уайт Ислам Махачев пен Иэн Гэрри арасындағы чемпиондық жекпе-жекке қатысты пікір білдіріп, ирландиялық спортшының бесінші раундтағы әрекетін қатты сынға алды.

Уайттың сөзінше, Гэрридің жекпе-жектің соңғы раундында жеңісті жұлып әкетуге мүмкіндігі болған. Себебі Махачев бесінші раундқа бірнеше жарақатпен шыққан.

UFC басшысы Гэрридің жекпе-жек соңында Махачевпен қол алысып, құшақтасқанын түсінбейтінін айтты.

«Гэрри – талантты жігіт. Бірақ бесінші раундта оның жеңіске жетуге мүмкіндігі болды. Исламның қабырғасы зақымданған, беті жараланған. Осындай жағдайда бесінші раундқа шығып, қол алысып, құшақтасуға болмайды. Бұл мені қатты ашуландырады», – деді Уайт.

Оның пікірінше, Гэрри соңғы раундта бар күшін салып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтауға тырысуы керек еді.

«Бесінші раундта барлығы бәске тігулі тұр. Осындай сәтте жеңіске жету үшін күтпеген соққы жасап, барынша агрессивті әрекет ету керек. Қарсыласпен қол алысып шығатын уақыт емес», – деді UFC басшысы.

Сонымен қатар Дана Уайт Махачевтің өнерін жоғары бағалап, қазақстандық емес, ресейлік спортшының өзінен әлдеқайда ірі әрі физикалық тұрғыда мықты қарсыласты жеңе алғанын атап өтті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам