Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

«Бекзат Алмаханның еш мүмкіндігі жоқ»: Жалғас Жұмағұлов жерлесінің жеңетініне сенбейді

01.03.2024, 00:05

Умардың деңгейі Бекзаттан әлдеқайда жоғары дейді ол

«Бекзат Алмаханның еш мүмкіндігі жоқ»: Жалғас Жұмағұлов жерлесінің жеңетініне сенбейді
скрин YouTube

2 наурызда UFC лигасында дебюттік жекпе-жегін өткізетін қазақ Бекзат Алмахан (17-1) ресейлік тәжірибелі балуан Умар Нурмагомедовпен (16-0) төбелеседі. Осы кездесуге қатысты қазақстандық өзге файтер Жалғас Жұмағұлов өз болжамын айтты.

«SarbazPodcast» YouTube-каналына сұхбат берген Жұмағұлов өз жерлесінің жеңісіне сенбейтінін ашық айтты. Оның сөзінше, Нурмагомедов өте білікті, тәжірибелі балуан.

«Умар өзге деңгейдегі файтер. Оның IQ-і өте жоғары, қателік жібермейді. Ал, Бекзат ше? Ол лаки-панч. Оның еш мүмкіндігі жоқ. Бекзат жақсы файтер, бірақ ол Умардың деңгейінде емес. UFC де басқа деңгейде.

Мені осы сөздерім үшін ертең жұрт сынайтынын түсінем, өз жерлесін қолдамады деп. Мен шындықты айтам, өзімізді алдап қайтеміз. Умар барлық жағынан күшті болып тұр қазір», - деді Жұмағұлов.

Оның айтуынша, Бекзат жекпе-жек қандай нәтижемен аяқталса да жаман болмайды. 

«Біріншіден, ол UFC-ден контракт алды. Умармен ешкім төбелескісі келмейді, егер келіспесе ол өзге қарсыласты ұзақ күтер еді. Екіншіден, ол виза алды. Осыған дейін Бекзат виза ала алмай жүрген», - деді Жалғас Жұмағұлов.

Айта кетейік, Умар – Хабиб Нурмагомедовтің немере інісі. Ол қазір UFC рейтингінде 13-орында тұр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам