Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

«UFC-ге жеңіс үшін келдім». Бекзат Алмахан Нурмагомедовтің сазайын беруге дайын екенін айтты

29.02.2024, 11:52

Екеуіара жекпе-жек 2 наурызда өтеді

«UFC-ге жеңіс үшін келдім». Бекзат Алмахан Нурмагомедовтің сазайын беруге дайын екенін айтты
instagram.com/bekzatalmahan/

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан Хабиб Нурмагомедовтың немере інісі Умар Нурмагомедовпен жекпе-жекке неліктен келіскені туралы айтты. 

«РБ спорт» басылымына берген сұхбатында отандасымыз өзінің әлеуеті туралы айта келе, айқасқа сақадай сай екендігін алға тартты.

Айта кететін жайт, UFC-ден өтетін жекпе-жекке жанкүйерлер 3 наурыз күні куә болады.

«Алғаш рет осы спортқа бет алғанда әлемнің ТОП спортшылармен айқасқа түсемін деп сөз бердім. Сол себепті маған Умармен жекпе-жекке шығу туралы ұсыныс болғанда бірден келісім бердім. Бұл сынға мен психологиялық тұрғыда өте дайынмын. Жалпы, маған кіммен айқасқа түссем де айырмашылық жоқ. Ең бастысы UFC-мен келісім жасалды», - деді ол.

Сонымен қатар, Бекзат Алмахан Умар Нурмагомедовпен айқасқа түсуге келісім берудің сенімді қадам екенін атады.

«Бұл жерде сенімділік қана емес, табандылық та аса маңызды. Мен өзімнің қаншалықты қауқарлы екенімді жақсы білемін. Бұл лигада кіммен болса төбелесуге әзірміз. Әрі олардың кім екені мен үшін маңызды емес. Ең бастысы UFC-де өзімді дәлелдегім келеді. Қазір маған мүмкіндік берілді, мен соны толық пайдалануға міндеттімін», - деді Бекзат Алмахан.

Отандасымыз Умар Нурмагомедовтың осал тұстарына тоқталды.

«Әр спортшының әлсіз тұстары болады. Соны алдын ала бағамдап, таба білу керек. Әр жекпе-жекте сіз менің неге қауқарлы екенімді білесіз. Осы орайда Умармен айқаста өзімді тағы дәлелдеймін деген ойдамын. UFC-ге ешкім таяқ жеу үшін келмейді. Мен тек жеңіске жету үшін осы жолды таңдадым», - деді Б.Алмахан.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам