Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Бекзат Алмахан Умар Нурмагомедовтен жеңіліп, аяғын жарақаттап алды (ВИДЕО)

03.03.2024, 10:33

Осылайша, Бекзаттың жеңістер серисы үзілді

Бекзат Алмахан Умар Нурмагомедовтен жеңіліп, аяғын жарақаттап алды (ВИДЕО)
UFC

UFC лигасында алғашқы жекпе-жегін өткізген қазақ Бекзат Алмахан ресейлік Умар Нурмагомедовтен жеңіліп қалды. Кездесу Лас-Вегастағы UFC Fight Night 238 турнирінің басты оқиғасы болған еді.

Аса жеңіл салмақта өткен жекпе-жек үш раунд толық болып, төрешілер жеңісті бірауыздан тәжірибелі Нурмагомедовке берді. Ресейлік файтердің бұл 17-ші жеңісі және ол әлі жеңіліп көрмеген.

Жекпе-жекті Бекзат тәуір бастаған. Ол бірінші раундта ауыр соққысымен Умарды ұрып құлатты. Алайда, мұнан кейін ресейлік спортшы есін тез жиып, күрес әдістері арқылы төбелесті жеңіп шықты, есеп: 30-25, 30-26 және 30-26.

Жекпе-жектен кейін ол октагонға Бекзатты менсінбей шыққанын мойындады.

«Мен оның соққысын көрмей қалдым. Түсінбей де қалдым. Мен арақашықтықты өзіме ыңғайлап жатқам, бір қарасам жерде тейкдаун жасап жатырмын. Шын айтайын, мен бұл жекпе-жек мен үшін оңай болады, шығып қылқындырып жеңемін деп ойлағам. Алайда, бұл жігіт монстр екен», - деді Умар Нурмагомедов жекпе-жектен кейін.

Бекзат болса тізесін ауыр жарақаттап алғанын айтты. Жекпе-жектен кейін оны ауруханаға алып кетті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам