Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Бекзат Алмахан UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі үшін 16 мың доллар гонорар алды

04.03.2024, 10:05

Қарсыласы одан үш есе көп ақы алады

Бекзат Алмахан UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі үшін 16 мың доллар гонорар алды
UFC

UFC лигасында дебюттік жекпе-жегін өткізіп, ресейлік Умар Нурмагомедовтен жеңіліп қалған қазақ Бекзат Алмаханның қанша гонорар алғаны белгілі болды деп жазады ресейлік Metaratings сайты.

Айта кетейік, үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер шешімімен ресейлік файтер жеңімпаз деп танылған. Тәжірибелі балуан кездесу аяқталғаннан кейін сұхбат беріп, қазақ спортшысын бағаламағанын мойындады.

«Дереккөз мәліметінше, Алмахан 16 мың доллар көлемінде базалық гонорар алады (12 мыңы – жекпе-жекке шыққаны үшін, 4 мыңы – демеушілерден). Ал, оның қарсыласы Нурмагомедов болса 52,5 мың доллар алады (24 мыңы – жекпе-жекке шыққаны үшін, тағы 24 мыңы – жеңіс үшін, 4,5 мыңы – демеушілерден)», - делінген аталған хабарламада.

Умар Нурмагомедов – даңқты спортшы Хабиб Нурмагомедовтің немере інісі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам