Дәрігер бұл туралы Instagram парақшасында жазды
Спорттық медицина дәрігері Ролан Чанышев UFC файтері Шавкат Рахмоновты әріптесі Сергей Егоровпен бірге емдегенін мәлімдеді. Мамандар спортшының қалпына келуіне әсер ететін бірнеше факторды анықтаған.
Дәрігер бұл туралы Instagram парақшасында жазды. Оның Шавкат Рахмоновпен кездесуі Алматыда өткен ATP 250 Almaty Open турнирі кезінде болған.
«Әріптесім Сергей Егоровпен бірге UFC-де өнер көрсететін, жартылай орта салмақтағы М-1 әлем чемпионы Шавкат Рахмоновты емдедік», – деп жазды Ролан Чанышев.
Сондай-ақ дәрігер спортшының қалпына келуін қиындататын бірнеше фактор барын атап өтті. Алайда олардың нақты не екені әзірге айтылған жоқ.