Дана Уайт Қазақстанда UFC турнирі қашан өтетінін айтты

UFC Қазақстанда турнир өткізу жұмысын жалғастырып жатыр

UFC
UFC

UFC промоушені Қазақстанда турнир ұйымдастыру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл туралы ұйым басшысы Дана Уайт UFC 333 турнирінен кейінгі баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

Журналист одан UFC турнирін Қазақстанда жанкүйерлер қашан тамашалай алатынын сұраған.

«Жақын арада. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», – деп жауап берді Дана Уайт Sport12.kz тілшісіне берген жауабында.

Бұған дейін UFC басшысы Орталық Азияда, соның ішінде Қазақстанда шоу өткізуді жоспарлап отырғанын бірнеше рет айтқан. 2020 жылы промоушен Астанада турнир ұйымдастыруға дайындалғанымен, пандемияға байланысты жоспар жүзеге аспады.

Қазіргі уақытта UFC-де Қазақстанның бес өкілі өнер көрсетеді. Олар – Асу Алмабаев, Шавкат Рахмонов, Дияр Нұрғожай, Әліби Ыдырыс және Николай Веретенников. Алмабаев аса жеңіл салмақтағы рейтингте жетінші орында тұр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам