Қуат Хамитов Душанбеде ресейлік файтерді нокаутқа түсірді

Хамитов кәсіпқой ММА мансабындағы 29-жеңісіне қол жеткізді

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен ACA 209 турнирінде жеңіске жетті.

Ол жартылай орта салмақта ресейлік Алексей Махномен кездесіп, жекпе-жекті екінші раундта техникалық нокаутпен аяқтады.

Осылайша, Хамитов кәсіпқой ММА мансабындағы 29-жеңісіне қол жеткізді. Қазіргі уақытта қазақстандық файтер қатарынан үш жекпе-жекте жеңіске жетіп отыр. Ол соңғы рет 2024 жылғы 11 мамырда ресейлік Александр Шлеменкодан жеңілген.

Ал Алексей Махно кәсіпқой мансабындағы 18-жеңілісіне ұшырап, қатарынан төртінші рет жеңіліп қалды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам