Хамитов ресейлік Алексей Махномен жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов ресейлік Алексей Махномен жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Спортшылар 30 қазанда Тәжікстан астанасы Душанбеде өтетін ACA 209 турнирінің негізгі кардында кездеседі. Салмақ өлшеу кезінде Хамитов 78 келі, ал оның қарсыласы Алексей Махно 77,9 келі көрсетті.
ACA ұйымында жартылай орта салмақтың шекті мөлшері 77 келі болғанымен, титул сарапқа салынбайтын жекпе-жектерде салмақтан аздап асып кетуге рұқсат етіледі.
Айта кетейік, Хамитов пен Махноның жекпе-жегі бұған дейін түрлі себептермен төрт рет өтпей қалған. Екі файтер Fight Nights промоушенінде де кездесуге бірнеше рет әрекеттенген.