Спортшыға көлікті коммерциялық серіктесі табыстаған
UFC-дің аса жеңіл салмақтағы чемпионы Петр Ян Мераб Двалишвилиді жеңгені үшін бағасы шамамен 227 миллион теңге тұратын Rolls-Royce Cullinan жол талғамайтын көлігін сыйға алды. Спортшыға көлікті коммерциялық серіктесі табыстаған.
Бұл сыйлық ресейлік файтердің UFC 333 турнирінде чемпиондық белбеуін қорғағаннан кейінгі қосымша марапаты болды. Британдық премиум брендтің көлігінің нақты құны оның жабдықталуы мен қосымша опцияларына байланысты өзгеруі мүмкін.
Еске салайық, Петр Ян мен грузиялық Мераб Двалишвили өзара үшінші жекпе-жегін Абу-Дабиде өткізді. Бес раундқа созылған айқас төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ресейлік спортшының пайдасына аяқталды. Осылайша Ян чемпиондық белбеуін сақтап қалды.
Бұған қоса, ол UFC тарапынан «Кештің үздік жекпе-жегі» номинациясы үшін шамамен 45,4 миллион теңге көлемінде бонус алған. Ал Rolls-Royce көлігі ұйымның ресми төлемдеріне кірмейтін, демеуші тарапынан берілген бөлек сыйлық болды.