«Ол – қорқақ»: жекпе-жектен бас тартқан Ислам Махачев сын астында қалды

UFC Карлос Пратеске өзге қарсылас іздеп тапты

Getty Images
Getty Images

Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін бразилиялық файтер Карлос Пратес ресейлік Ислам Махачевті қорқақ деп айыптады. Қос спортшы қаңтар айында жекпе-жек өткізуі керек болған. Алайда, Ислам бұл айқастан бас тартып отыр.

«Ол қорықты. Мен ораламын және Махачевті ойлағаннан да көбірек ұрамын, ауыр жазалаймын. Ол мұнан сабақ алып, қорқақтықтан арылуы керек», - деді Пратес Championship Rounds парақшасында жарияланған видеода.

Оның айтуынша, Ислам Махачев жекпе-жектен ашық бас тартудың орнына, өтірік сылтау ойлап табуы керек еді. Сонда оның абыройы да сақталар еді дейді бразилиялық файтер.

«Жарақат алдым деп өтірік айта сал. Сол пайдалы болатын еді», - деп сөзін түйді Пратес.

Айта кетейік, UFC Пратес мен Махачевтің жекпе-жегін қаңтарда болады деп ресми жариялаған болатын. Алайда, ресейлік файтер октагонға шықпайтынын жуырда мәлімдеді. Мұнан кейін UFC Пратеске қарсылас ретінде Майкл Моралесті белгіледі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам