Карлос Пратес Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегіне қатысты тың мәлімет айтты

UFC бастапқыда Моралесті Шавкат Рахмоновқа қарсы октагонға шығаруды жоспарлаған

UFC
UFC

UFC-дің жартылай орта салмақтағы бразилиялық файтері Карлос Пратес қазақстандық Шавкат Рахмонов пен эквадорлық Майкл Моралес арасында жекпе-жек өткізу жөнінде алдын ала келісім болғанын мәлімдеді. 

Пратестің айтуынша, UFC бастапқыда Моралесті Шавкат Рахмоновқа қарсы октагонға шығаруды жоспарлаған. Алайда Ислам Махачевтің турнирден шет қалуына байланысты эквадорлық файтерге уақытша чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізу мүмкіндігі берілген.

Бразилиялық спортшы Моралестің бұл айқасқа лайық екенін атап өтті. Оның пікірінше, эквадорлық файтердің жеңіліс көрмегені де таңдау жасауға әсер еткен.

«Меніңше, бұл – дұрыс шешім. Моралес ешқашан жеңілмеген файтер. Иэн Гэрри жақында жеңіліп қалды, сондықтан таңдау көп болған жоқ. Оның үстіне, Моралестің Шавкатпен жекпе-жегі алдын ала жоспарланған еді. Кім лайық болса, сол мүмкіндік алады», – деді Карлос Пратес YouTube желісіндегі Лаэрте Виана арнасына берген сұхбатында.

Осылайша, UFC бастапқы жоспарын өзгертіп, Майкл Моралес пен Карлос Пратес арасында уақытша чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек ұйымдастыруға шешім қабылдаған. Ал Шавкат Рахмоновтың октагонға қашан оралатыны әзірге белгісіз.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам