Дана Уайт Ислам Махачевтің жекпе-жектен неліктен бас тартқанын айтты

Пратес UFC 336 турнирінде эквадорлық Майкл Моралеспен жұдырықтасады

Getty Images
Getty Images

UFC президенті Дана Уайт жартылай орта салмақтағы чемпион Ислам Махачевтің бразилиялық Карлос Пратеске қарсы титулын қорғаудан бас тартуына қатысты түсініктеме берді.

Уайттың айтуынша, ресейлік файтер жекпе-жекке ауызша келісім бергенімен, уақытша чемпиондық белбеу үшін айқас жарияланардан бір күн бұрын бас тартқан.

«Ол ауызша келісімін берді де, уақытша титул үшін жекпе-жек жарияланардан бір күн бұрын райынан қайтты. Исламның қазіргі деңгейіне жетіп, осынша жетістікке қол жеткізгенінен кейін оның не ойлайтынын, алдағы уақытта не істегісі келетінін айту қиын.

Маған спортшылардың жиі жекпе-жек өткізгені ұнайды. Чемпион жылына үш рет октагонға шығуы керек деп күтпеймін, бірақ екі рет өнер көрсетсе жақсы болар еді. Олай болмаған жағдайда, салмақ дәрежесіндегі қозғалыс баяулайды. Титул үшін жұдырықтасқысы келетін спортшылар көп», – деді Дана Уайт MMA Junkie басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін Ислам Махачевтің өзі де Карлос Пратеспен кездесуге ниетті екенін айтқан болатын. Бразилиялық файтер соңғы жекпе-жектерінде жеңісті сериясын жалғастырып келеді.

Енді Пратес UFC 336 турнирінде эквадорлық Майкл Моралеске қарсы уақытша чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам