Трамп UFC басшысы Дана Уайтқа Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметін ұсынды

АҚШ президенті Ақ үйге Хабиб Нурмагомедов пен Ислам Махачевті де қызметке шақырды

Getty Images
Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп UFC басшысы Дана Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы болуға шақырды. Ал, оған көмекші ретінде даңқты файтерлер Хабиб Нурмагомедов пен Ислам Махачевті тағайындауға ұсыныс айтты.

Бұл үндеуін АҚШ президенті Truth Social әлеуметтік желісінде жазған. Ол баспасөз хатшысының командасында сондай-ақ, Джастин Гэтжи, Даниэль Кормье, Аманда Нуньес және Кайл Харрисон секілді файтерлерді де көргісі келетінін жасырмады.

Айта кету керек, Дональд Трамп пен Дана Уайт арасында достық қарым-қатынас бұрыннан бар. АҚШ президенті бұған дейін UFC жекпе-жектерінде жиі қонақ болса, биыл жазда Ақ үйдің ауласында аралас жекпе-жек кешін өткізді.

Әзірге Дана Уайт Трамптың бұл ұсынысына ресми жауап берген жоқ. Президенттің жазбасы достық әзіл сарынында болуы да мүмкін деп хабарлады The Washington Sun басылымы.

Айта кету керек, Дональд Трамп президент болған екі жылдың ішінде Ақ үйде екі баспасөз хатшысы ауысты. 2025 жылы қаңтарда тағайындалған Кэролайн Ливитт биыл тамызда өз еркімен қызметінен кеткен болатын. Ал, қазан айында тағайындалған Кэти Закария болса небәрі жеті күн жұмыс істеп, қоғамдық резонанстан кейін орнын босатуға мәжбүр болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам