Қазақстандық файтер кәсіби мансабындағы 12-жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық ММА шебері Нұрхан Жұмағазы (11-1) Жапонияның Тиба қаласында өткен RIZIN 55 турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Жеңіл салмақта өнер көрсететін отандасымыз оңтүстіккореялық Кёнг Пхё Киммен (15-5) жұдырықтасты. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек толық қашықтыққа созылмады. Жұмағазы қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Осылайша, қазақстандық файтер кәсіби мансабындағы 12-жеңісіне қол жеткізіп, RIZIN промоушеніндегі жеңісті сериясын үш жекпе-жекке жеткізді. Ал Кёнг Пхё Ким кәсіби ММА-дегі алтыншы жеңілісіне ұшырады.
Айта кетейік, Нұрхан Жұмағазы бұл кездесуге дейін жеңіске жеткен жағдайда чемпиондық белбеу үшін таласқысы келетінін айтқан болатын.