Реванштың күні белгіленді
Қазақстандық ММА файтері Артем Резников әзербайжандық Заур Гаджиевпен қайта кездеседі. Absolute Championship Akhmat (ACA) ұйымы қос спортшының реваншын ресми түрде жариялады.
Қарымта кездесу 25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өтетін ACA 211 турнирінің бағдарламасына енген.
Еске салайық, Резников пен Гаджиев алғаш рет 2026 жылдың шілдесінде Алматыда өткен ACA 205 турнирінде кездескен. Жекпе-жек толық қашықтыққа созылғанымен, төрешілер жеңімпазды анықтай алмады. Нәтижесінде қос спортшының арасында төрешілердің бөлек шешімімен тең нәтиже тіркелді.
Осы кездесуден кейін файтерлердің қарым-қатынасы шиеленісе түсті. Олар әлеуметтік желіде бір-біріне бірнеше рет өткір мәлімдемелер жасап, ұйым басшылығының да назарына ілікті.
ACA президенті Магомед Бибулатов екі спортшыға мінез-құлық ережелерін бұзуды жалғастырған жағдайда тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін екенін ескерткен.
Алдағы реванш алғашқы кездесудегі даулы тең нәтижеден кейін жеңімпазды анықтауға мүмкіндік береді.