«Қорқақтар, жауап бересіңдер»: Двалишвили мен Нурмагомедовтың төбелескен видеосы жарияланды

Илия Топурия Мераб Двалишвилиге жасалған шабуылдың видеосын жариялады

Видеодан кадр
Видеодан кадр

UFC-дің екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы Илия Топурия Абу-Дабидегі қонақүйде Мераб Двалишвилидің қатысуымен болған төбелестің видеосын жариялады. Оқиға RAF еркін күрес турнирі қарсаңында болған.

«Сендер – қорқақтардың бір тобысыңдар. Істеген істерің үшін жауап бересіңдер. Нағыз ер азаматтарға үш қайнасаңдар да сорпаларың қосылмайды», – деп жазды испан-грузин жауынгері видео астына.

Бұған дейін Двалишвили қонақүйдің холлында сұхбат беріп тұрған кезде өзіне және досына артынан шабуыл жасалғанын айтқан. Грузиялық спортшы шабуыл жасағандардың арасында ресейлік Усман Нурмагомедов болғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, күзет қызметкерлері өзін жібермей ұстап тұрған сәтте және жерде жатқанында досы екеуін әрі қарай ұрып-соққан.

Еске салайық, 14 қарашада RAF Abu Dhabi турнирінде Мераб Двалишвили бразилиялық Марлон Мораеспен белдесуі керек.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам