Ресейлік файтер Қуат Хамитовпен кездесуден бас тартты

Қазақстандық спортшы соңғы жекпе-жегін 30 қазанда Душанбеде өткен ACA 209 турнирінде өткізді

instagram.com/kuat__khamitov
instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов ресейлік Мариф Пираевпен жоспарланған жекпе-жектің өтпейтінін мәлімдеді. 

Хамитовтың айтуынша, оған 12 желтоқсанда Nomad Fighting турнирінде Пираевпен кездесуге ұсыныс түскен. Алайда ресейлік файтер бұл жекпе-жектен бас тартқан.

«Бізге 12 желтоқсанда Nomad Fighting турнирінде жекпе-жек өткізуге ұсыныс түскен. Бірақ Пираев райынан қайтып, бас тартты», – деп жазды Қуат Хамитов.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы соңғы жекпе-жегін 30 қазанда Душанбеде өткен ACA 209 турнирінде өткізді. Ол ресейлік Алексей Махноны екінші раундта нокаутпен жеңді.

Ал Мариф Пираев кәсіпқой ММА-де соңғы рет 2024 жылдың қарашасында октагонға шыққан. Сол кезде ол әзербайжандық Нариман Аббасовты төрешілердің екіге бөлінген шешімімен ұтқан.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам