Дәрігерлер спортшыға октагон ішінде ұзақ уақыт бойы көмек көрсетті
Қазақстандық ММА файтері Иманғали Әбдіқайым Шымкенттегі Alash Pride FC 136 × Mangu 6 турнирінде мерзімінен бұрын жеңіліп қалды. Өзбекстандық Саиджон Юлчиевпен өткен жекпе-жек бірінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.
Аса жеңіл салмақтағы кездесу Қазақстан мен Өзбекстан файтерлері арасындағы командалық текетірес аясында өтті. Жекпе-жектің шешуші сәтінде Юлчиев оң қолымен дәл соққы жасап, Әбдіқайымды октагонға құлатты. Артынша жерде жатқан қазақстандық спортшының басынан тағы бір соққы жасады. Осыдан кейін төреші кездесуді тоқтатып, өзбекстандық файтердің жеңісін тіркеді.
Жекпе-жектен соң Иманғали Әбдіқайымға шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер спортшының жағдайын октагон ішінде ұзақ уақыт бақылап, қажетті көмек көрсетті.
Осы жеңістен кейін Саиджон Юлчиев кәсіпқой мансабындағы жеңіліссіз сериясын жалғастырып, рекордын 3-0-ге жеткізді. Ал Иманғали Әбдіқайым үшін бұл алғашқы сәтсіздік болды. Оның еншісінде қазір екі жеңіс пен бір жеңіліс бар.