Двалишвили UFC-дегі келесі қарсыласының есімін атады

Грузиялық спортшы соңғы жекпе-жегін 2026 жылғы 24 қазанда өткізген

UFC
UFC

UFC-дің бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили келесі қарсыласының кім болғанын қалайтынын айтты.

Грузиялық файтер қытайлық Сун Ядунмен октагонда кездесуге дайын екенін жеткізді.

«Жекпе-жекті мүмкіндігінше тезірек өткізсем деймін. Менің ойымша, Сун Ядунмен жұдырықтасуым керек. Оған титулдық жекпе-жек берілмеуі мүмкін. Петр Ян чемпиондық белбеу үшін Шон О’Мэллимен кездесетін шығар. Ал маған Сун Ядунды берсін. Бұл өте қызықты айқас болар еді. Қай жерде болса да жекпе-жек өткізуге дайынмын», – деді Двалишвили Нина Драмаға берген сұхбатында.

Грузиялық спортшы соңғы жекпе-жегін 2026 жылғы 24 қазанда Абу-Дабиде өткен UFC 333 турнирінде өткізді. Ол ресейлік Петр Янға төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен есе жіберді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам