Дияр Нұрғожай америкалық файтерді нокаутпен жеңді

Айта кетейік, қазақ файтері UFC лигасында осымен бесінші жекпе-жегін өткізіп отыр

Mike Roach/Zuffa LLC
Mike Roach/Zuffa LLC

Дохада (Катар) өтіп жатқан IFC Fight Night 294 турнирінде қазақстандық Дияр Нұрғожай (12-2) америкалық файтер Алик Лоренцті (8-2) нокаутпен жеңді.

Жартылай ауыр салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа жоспарланған. Алайда екінші раундта Лоренц төбелестен бас тартып, төреші техникалық нокаут тіркеді.

Осылайша Дияр Нұрғожай өз мансабындағы он үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Екі рет жеңілген. Ал, америкалық Алик Лоренц болса үшінші рет жеңіліп отыр.

Айта кетейік, қазақ файтері UFC лигасында осымен бесінші жекпе-жегін өткізіп отыр. Алғашқы екеуінде жеңілсе, соңғы үшеуін де нокаутпен басым түсті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам