Асу Алмабаев жапон файтері Кёдзи Хоригутиден жеңілді

Асу Алмабаев төртінші рет жеңіліске ұшырады

Mike Roach/Zuffa LLC
Mike Roach/Zuffa LLC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (24-3) Катар астанасы Дохада өткен UFC Fight Night 294 турнирінде октагонға шықты.

Отандасымыз бұл жолы жапониялық Кёдзи Хоригутиге (36-6) қарсы өнер көрсетті. Үш раундқа жоспарланған аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жапон файтерінің пайдасына аяқталды.

Осылайша, Кёдзи Хоригути кәсіби мансабындағы 37-жеңісіне қол жеткізсе, Асу Алмабаев төртінші рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, жекпе-жек алдында Алмабаев UFC рейтингінде алтыншы, ал Хоригути жетінші орында тұрған еді. Бұл кездесуден кейін жапон спортшысының UFC-дегі көрсеткіші 10 жеңіс, 2 жеңіліске жетсе, қазақстандық файтердің лигадғы рекорды 7-2 болды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам