UFC Дияр Нұрғожайға 100 мың доллар бонус берді

UFC Нұрғожайға «Кештің үздік өнері» бонусын табыстады

UFC
UFC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай UFC Fight Night 294 турнирінде үздік өнер көрсеткені үшін 100 мың доллар көлемінде сыйақыға ие болды. Бұл жарыс Қатар астанасы Доха қаласында өтті.

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін отандасымыз америкалық Алик Лоренцпен кездесіп, жекпе-жектің екінші раундында айқын басымдық танытты. Нұрғожай қарсыласын басынан тепкен соққымен нокдаунға түсіріп, артынша партерде соққыларымен шабуылын жалғастырды. Нәтижесінде төреші раунд басталғаннан кейін 24 секунд өткенде кездесуді тоқтатып, қазақстандық спортшының техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін тіркеді.

Осы жарқын өнері үшін UFC Нұрғожайға «Кештің үздік өнері» бонусын табыстады. Дәл осындай сыйақы Навехо Стирлинг, Амир Альбази және Джон Митчеллге де берілді.

Айта кетейік, Дияр Нұрғожай UFC-дегі жеңісті сериясын үш жекпе-жекке жеткізді. Бұған дейін ол Рафаэль Тобиасты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңсе, Бруно Лопесті нокаутқа түсірген болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам