UFC Қазақстандағы алғашқы турнирін Алматыда өткізуді жоспарлап отыр

Бұған дейін Қазақстанда UFC турнирін өткізу мәселесі бірнеше рет көтерілген

AIRPress
AIRPress

UFC ұйымы Қазақстандағы алғашқы турнирін 2027 жылдың 1 мамырында өткізуді жоспарлап отыр. Жарыс Алматы қаласында ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл туралы «Вестник ММА» ақпараттық ресурсы хабарлады.

Бұған дейін Қазақстанда UFC турнирін өткізу мәселесі бірнеше рет көтерілген еді. Қараша айында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ұйым өкілдерімен келіссөз жүргізілгенін растады. Министрдің айтуынша, турнирді ұйымдастыруға қажетті жұмыстардың барлығы атқарылған.

«UFC турнирін Қазақстанда 1 мамырда өткізу жоспарланып отыр. Жарыс Алматы қаласында өтуі керек», – деп хабарлады «Вестник ММА».

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам