Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Қазақ файтері Еркебұлан Тоқтар өзбек қарсыласын жеңіп, екі жыл бұрынғы кегін қайтарды

10.03.2024, 23:42

Екеуі 2022 жылы да октагонда кездескен

Қазақ файтері Еркебұлан Тоқтар өзбек қарсыласын жеңіп, екі жыл бұрынғы кегін қайтарды
prosports.kz

Қазақстандық актер әрі MMA шебері Еркебұлан Тоқтар (6-3) Алматыда өткен Oktagon 56 турнирінде өзбек файтері Одилхан Комоловты (4-2) жеңді.

Аталған жекпе-жек үш раундқа жоспарланып, соңына дейін созылды. Нәтижесінде төрешілер шешімімен қазақ спортшысы айқын жеңіске жетіп, қарсыласынан реванш алды.

Айта кету керек, 2022 жылы бұл екі спортшы Octagon 33 турнирінде кездесіп, Комолов қолын қайыру әдісі арқылы екінші раундта жеңіске жеткен болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам