Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Қарсыласын жойқын нокаутпен жеңген файтер Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырды

10.03.2024, 11:26

Ол UFC рейтингінде 11-орында тұр

Қарсыласын жойқын нокаутпен жеңген файтер Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырды
Getty Images

UFC-де өнер көрсететін аустралиялық файтер Джек Делла Маддалена (17-2) бразилиялық Гилберт Бернсты (22-7) нокаутпен жеңгеннен кейін қазақ Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырды.

Айта кетейік, кеше Майами қаласында (АҚШ) UFC 299 турнирі өткен болатын.

«Мұнда мықты файтерлер көп. Бірақ, мен ең мықтысымын. Шавкат Рахмонов! Біз екеуміз октагонда кездесуіміз керек. Кеттік», - деді Маддалена жекпе-жектен кейінгі сұхбатында.

Ол бразилиялық қарсыласын үшінші раундта жойқын нокаутпен жеңді. Осыған дейін Маддалена орта салмақтағы рейтингте 11-ші тұрған, ал Бернс төртінші сатыда еді. Шавкат Рахмонов болса үшінші тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 0
Күлкілі 4
Ашулану 3

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам