Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Қуат Хамит пен Александр Шлеменко face to face рәсімінен өтті (ВИДЕО)

08.05.2024, 12:54

Жекпе-жек Екатеринбург қаласында өтеді

Қуат Хамит пен Александр Шлеменко face to face рәсімінен өтті (ВИДЕО)
Канал Удар

Қазақстандық MMA шебері Қуат «Найман» Хамитов 11 мамырда Ресейде жергілікті файтер Александр Шлеменкомен жекпе-жек өткізеді. Осыған орай олар бетпе-бет кездесіп, журналистер сұрағына жауап берді.

40 жастағы Шлеменко аралас жекпе-жекпен кәсіби түрде 20 жылдан бері айналысып келеді. Ол Belattor гран-приін екі рет жеңіп алған. M-1 Global, League S-70, Fight Nights секілді танымал промоушндармен жұмыс істескен. Барлығы 80 жекпе-жек өткізіп, оның 63-де жеңіске жетті (33 нокаут).

Ал, 36 жастағы Қуат Хамитов болса 27 жекпе-жек өткізіп, оның 19-да жеңіске жеткен. Жеті рет жеңіліп, бір рет тең түскен.

MMA кеші 11 мамырда Екатеринбург қаласында өтеді. Қазақстандық файтер бұл жекпе-жекке Тайландта дайындалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам